• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:20:52
Алматы
+35°

21 Қаңтар, 2018 NEWS

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады, тек батысында, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар күтіледі.

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады, тек батысында, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, деп Қазгидрометке сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады. Атырау облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір