• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:21:49
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.

      Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23/28, оңтүстік-батыс облыстарында 30 м/с және аса күтіледі. Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман  күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс  Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ  күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде  желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі жаяу бұрқасынмен 15-25 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір