• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:58:33
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 Аймақтар

2022 жылы мақтаралдық оқушылар толықтай типті мектептерде оқиды

Мақталы өлкеде тұрғын үй құрылысы үшін 2017 жылы 344 жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Мақтарал ауданының қала, кент, ауылдық округтерінде аудан әкімі Ғ. Исмаиловтың 2017 жылда жасалған жұмыстары бойынша қорытынды есептік кездесуі өтіп жатыр. Тұрғындар жасалған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға беріп, ауданда құрылыс нысандарының жұмысы қарқындағанын жылы қабылдады.

Мақталы өлкеде тұрғын үй құрылысы үшін 2017 жылы 344 жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, жалпы көлемі 24,9 мың шаршы метрді құрайтын 176 тұрғын үй пайдалануға қабылданыпты. Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінің базар аймағындағы көлік кептелісін ретке келтіру, абаттандыру, көгалдандыру, жаяу аяқжол құрылыстарыны жұмысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.    

Үстіміздегі жылы жалпы құны 8,9 млрд. теңгені құрайтын 4700 оқушыға арналған 12 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 3-еуі оқу жылы қарсаңында ел игілігіне берілсе, қалған 8 мектеп ағымдағы жылы, 1 мектеп келесі жылы пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, өткен жылы 2 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік аккушерлік пункт, Қарақай, Мақталы ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимараттарының да ресми ашылу салтанаты болып өткен болатын.

Аудан басшысы Ғ.Исмаилов есепті кездесуінде: "2007 жылы аудандағы мектептердің 50-і ғана типті ғимараттарда орналасқан болса, қазіргі таңда олардың саны 99-ға жетті. Дәл осылай жоғары қарқынмен құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы алдағы 3-4 жылда білім беру нысандарын толықтай типті мектептерге айналдырамыз" - деді.

Жетісай қаласының оңтүстік бөлігінде Ынтымақ елді мекеніне дейінгі аралықтағы 80 гектар жер теліміне 60 пәтерлі 2 тұрғын үй, 20 пәтерлі 4 тұрғын үй, 40 пәтерлі 6 тұрғын үйге жер бөлініп, ЖСҚ дайындалды. Біріңғай 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы ағымдағы жылы басталады.

Былтыр жалпы құны 229,2 млн. теңгені құрайтын 62 нысанның жобалау-сметалық құжатамалары әзірленіп, 28-не мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған және оның 34-і биылға өткен. Оның ішінде жоғарыда аталған көп қабатты тұрғын үйлерден бөлек, 200 орындық 10 мектеп, 300 орындық 11 мектеп, 1 пәтерлі 24 тұрғын үй, 3 спорт нысаны, жұмыспен қамту бөлімі мен мүгедектер үйінің ғимараты нысандары бар.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір