• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:57:16
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2018 Аймақтар

2020 жылға қарай Алматы облысында газбен қамту деңгейі 45 %-ке жетеді

Алматы облысында бүгінгі күні газдандыру деңгейі 26,2%, яғни 718,5 мың адам тұратын 123 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр

 

Алматы облысында бүгінгі күні газдандыру деңгейі 26,2%, яғни 718,5 мың адам тұратын 123 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Өткен жылы газдандыруға 11,4 млрд. теңге бөлініп, 11 ауданда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ал 2020 жылға қарай Алматы агломерациясы аймағы мен Қапшағай қаласы көгілдір отынмен қолық қамтылғанда газдандыру деңгейі 45% жетеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, Талдықорған қаласында қалаішілік жүйелердің бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, табиғи газға 324 абонент қосылды, қазір екінші және үшінші кезектегі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Текелі қаласына дейін газ құбырын тарту мен «Бақанас», «Сарыөзек» және  «Үштөбе» АГТС құрылыстары басталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір