• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:34:40
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

2019 жылдан бастап екі пән ағылшын тілінде оқытылады

"Химия", "Физика", "Информатика", "Биология" пәндерінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту жоспарланған

2019 жылдан бастап жаратылыстану цикліндегі "Химия", "Физика", "Информатика", "Биология" пәндерінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту жоспарланған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ortcom.kz -ке сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуге қатысты баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Назарбаев университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Кадиша Даирова, Назарбаев Университетінің Білім көшбасшылығы орталығының Білім беру істері жөніндегі директор орынбасары Асель Мухаметжанова және Білім көшбасшылығы орталығының Білімдік және кәсіптік бағдарламалар департаментінің басшысы Лаура Қарабасова қатысты.

«НБО-да 4 пән бойынша барлығы 31928 мұғалім бар. Оның 62%-ы ауыл мұғалімдері, қала бойынша – 38%-ды құрайды. 2 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен 12179 мұғалім тіл курстарынан өтті. Оның 750-і 2016 жылы оқытылса, биыл 11429-ы тіл курстарынан өтті. Яғни жалпы 40%-ын қамтыды», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова

Бұл туралы "Информатика", "Физика", "Химия", "Биология" пәндері мұғалімдерінің біліктілікті жоғарылату курстарынан өтуге қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

Қазіргі уақытта тіл курстары Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, "Өрлеу", "USTAZ Professional Learning Centre" ЖШС, "Astana School of Business and Technology" ЖШС, "Астана Білім Ордасы" ЖШС қатарлы алты ұйымда өткізіліп жатыр.

"Халықаралық емтихандарды тапсырған және оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде өткізіп жатқан пән мұғалімдері үшін 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап негізгі лауазымдық қызметақыдан 200% көлемінде қосымша төлем төленеді", – деді департамент басшысы. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір