• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:41:02
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Ғылым-білім

2018 жылы ҰБТ-да қандай өзгеріс болады?

ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті және екеуі таңдауы бойынша.

Ағымдағы жылы 200-ден астам мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестіні ағылшын тілінде тапсыруға ниет танытып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Ағымағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесі өзгерген жоқ. Дегенмен, тест тапсырушыларға ыңғайлы болуы үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті және екеуі таңдауы бойынша. Бүгінгі күні тест тапсырмалары базасының 50 пайызы жаңартылды. Сонымен қатар ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қазірдің өзінде шамамен 200 адам жазылды, - деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір