• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:21:58
+35°

21 Тамыз, 2014 NEWS

Беларусь Даму банкі Қазақстанда $11,5 млн. сомада Geely көлігін сатуды қаржыландырмақ

"Беларусь Республикасының Даму банкі" ААҚ Беларусь елінде құрастырылған Geely көлігін қазақстандық нарыққа жеткізуде "БелДжи" ЖАҚ есеп айырысу үшін $10,9 млн....

"Беларусь Республикасының Даму банкі" ААҚ Беларусь елінде құрастырылған Geely көлігін қазақстандық нарыққа жеткізуде "БелДжи" ЖАҚ есеп айырысу үшін $10,9 млн. сомасына "Вираж" ЖШС (Қазақстан) экспорттық несие желісін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Несиелік желі "Белэксимгаранта" сақтандыруының негізінде 1 жылға 1,9% жылдық пайыздық мөлшерлемемен ашылды. Жоба бойынша осы айда $11,5 млн. сомаға түрлі модельдегі 883 автомобильді жөнелту көзделген. Бүгінде беларусьтік өндіруші сомасы $8 млн. болатын көліктерді "Вираж" ЖШС-не жеткізіп үлгерген.

Еске салатын болсақ, Geely қытайдың он ірі авто компаниясының бірі болып саналады. Іргесі 1986 жылы қаланған.

 Қамшы-ақпарат
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір