• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:41:17
Алматы
+35°

07 Қараша, 2017 Спорт

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Ресей гимніне тыйым салынды

Ресей ұлттық құрамасын 2018 жылғы Олимпиада ойындарына кіргізу туралы шешім ХОК атқару комитетінде желтоқсанның басында қабылданады деп күтілуде.

2018 жылы Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Ресей гимніне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ ресейлік спортшылар да ойындардың ашылу рәсіміне дейін елге кіргізілмейді. Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында ресейліктердің допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін осындай санкция енгізуді көздеп отыр.

Ресей ұлттық құрамасын 2018 жылғы Олимпиада ойындарына кіргізу туралы шешім ХОК атқару комитетінде желтоқсанның басында қабылданады деп күтілуде.

1 қарашада ресейлік шаңғышылар Александр Легкова мен Евгения Белова допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін олимпиадалық ойындардан өмір бойына шеттетілді. Спортшылардың Сочиде өткен Олимпиада ойындарындағы нәтижелері нөлденеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір