• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:02:05
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2018 Экономика

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда инфляция 1,8%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда – 2,2%, азық-түлік емес тауарларына – 1,3%, ақылы қызметтерге 1,7%-ға өсті

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) – 2,2%, азық-түлік емес тауарларына – 1,3%, ақылы қызметтерге 1,7%-ға өсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 

2018ж. наурыз

2018ж. қаңтар-наурыз 2017ж. қаңтар-наурызға

2018ж.

ақпанға

2017ж. желтоқсанға

2017ж.

наурызға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,5

1,8

6,6

18,2

6,6

Азық-түлік тауарлары

0,8

2,2

5,5

19,5

5,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

1,3

8,5

20,8

8,5

Ақылы қызметтер

0,2

1,7

6,0

14,4

6,2

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,3%, картопқа – 6,9%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,8%, консервіленген сүтке – 3,5%, мәйекті ірімшікке – 2,9%, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,8%-ға, жаңа сауылған сүтке, кофеге – 2,5%-дан, сары майға 2,4%, сүзбеге – 2,1%-ға, жылқы етіне, ет өнімдеріне – 1,9%-дан, сиыр етіне – 1,7%, шұжықтарға – 1,5%, шошқа етіне – 1,4%, салқындатылған сусындарға – 1,2%, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12,6%, жұмыртқаға – 1,1%-ға, күрішке, қара шайға – 1%-дан, құс етіне 0,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 1,9%, фармацевтикалық өнімдерге – 1,8%, жеке қолданатын тауарларға – 1,7%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,4%, тоқыма бұйымдарына – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,1%-ға, киім және аяқ киімге, кітаптарға 1%-дан құрады. Бензин – 2,2%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%, дизель отыны – 1,3%, тас көмір 0,5%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, денсаулық сақтау – 2,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігімен, ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 3,1%-дан, қалааралық – 2,6%-ға қымбаттады, ал әуе көлігімен 8,5%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, электрэнергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8%-ға жоғарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір