• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:58:14
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2018 Ғылым-білім

2018 жылғы мектеп бітірушілері ҰБТ-ны қазіргі форматпен тапсырады

Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне алып келеді.

Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне алып келеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме бере отырып жазады. 

«Ақ жол» партиясынан талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және «Нұр Отан» партияларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», - деп атап өтілген ҚР БҒ министрлік мәліметінде.

Осы орайда ҚР БҒМ бұл ұсыныс педагогикалық және ата-аналар қоғамымен де жан-жақты талқыланғанын, қоғамның көзқарасы бірмәнді еместігін хабарлады. «Қоғамның көзқарасы бойынша жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір