• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:36:53
Алматы
+35°

31 Желтоқсан, 2017 Денсаулық

2018 жылға 13,3 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек сатып алынды

Дәрі-дәрмектердің тағы 15 атауы халықаралық ұйымдармен - ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ келісім-шарттары бойынша жеткізіледі.

Бірінші тоқсанның өзінде тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін жалпы препараттардың 874 атауы сатып алынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір дереккөзден 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін  13,3 млрд. теңге болатын 328 дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Олар 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің медициналық мекемелеріне жеткізіледі.

Құжаттардың толық пакетін ұсынып, препараттарға ең төменгі баға ұсынатын 24 компания 2018 жылдың қаңтар айының басында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрілік заттарды жеткізуді бастайды. Бағаны төмендету жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор 1,7 млрд. теңгеге жеңілдікке қол жеткізді. Ауруханалар бұл ақшаны қосымша дәрілерге жұмсай алады.

Айта кету керек, қазіргі кезде дәрі-дәрмектер отандық өндірушілермен, тікелей келісімшарттар бойынша шетелдік өндірушілерден және жетімдік препараттарын сатып алу бойынша тендер арқылы сатып алынған дәрі-дәрмектермен келісім-шарттар шеңберінде СК-фармация қоймаларына жеткізіле бастады.

Дәрі-дәрмектердің тағы 15 атауы халықаралық ұйымдармен - ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ келісім-шарттары бойынша жеткізіледі. Осылайша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектің 881 атауы сатылып алынды.

Қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде кідіріс болмауы үшін, Үкімет Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін реттейтін қағидаларына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады, оған дәрілік заттардың үш айлық қажеттілігін бір көзден сатып алу мүмкіндік бере отырып – мұндай рәсімдер қазақстандық науқастар үшін тегін дәрілер қол жетімді болуына қысқа мерзімде сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үкімет қаулысы бүгінгі күні күшіне енді және Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталуын дереу жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір