• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:58:44
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 NEWS

2018 жылдың наурызындағы жылжымайтын мүлік саудасы: 10 басты оқиға

Банктерге несие бергенде және шотқа қызмет көрсету кезінде комиссия ұстап қалуға тыйым салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы бастамасы наурыз айындағы ең басты оқиға болды. Бұл жұмыс істейтін әр азаматтың баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік беруге тиіс. Осы және өзге де оқиғаларға жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kn.kz сайтының мәліметіне сүйеніп жазады.

  1. Несие алушылар банк комиссиясынан және төлемді кешіктіргені үшін айыппұл төлеуден босатылады

Банктерге несие бергенде және шотқа қызмет көрсету кезінде комиссия ұстап қалуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде әділет министрі Марат Бекетаев Мәжіліс отырысында мәлімдеген болатын. Сонымен қатар банк шотына аударылатын қарыз бен банк шотын жүргізуде комиссия алынбайды.

  1. Елбасы «7-20-25» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы ұсыныс айтты. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық осы бағдарламаның аясында тиімді шарттармен ипотекаға пәтер ала алады.

  1. Ақпан айында Қазақстандағы жаңа ғимараттардың бағасы өсті

Қыстың соңғы айында жаңадан салынған тұрғын үйлер 0,2%-ға қымбаттады. Алайда толық жабдықталған немесе жабдықталмаған пәтерлерді қайта сату бағасы өзгеріссіз қалды. Элиталы тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 0,1%-ға төмендеген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларына дейін бір жылдың ішінде жаңадан салынған пәтерлердің құны Астанада (+5,1%), Ақтөбеде (+5,1%), Оралда (+2,3%) қымбаттаған еді. Жыл бойынша ең жоғары көрсеткіш Талдықорғанда болды (+56,8%). Бір жылдың ішінде жаңадан салынған тұрғын үйлер Алматыда (-4,3%), Павлодарда (-16,6%), Шымкентте (-2,6), Қостанай мен Көкшетауда сәйкесінше 1,2% бен 1,6%-ға дейін арзандаған.

  1. Жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы төрт кезең бойынша жүзеге асырылады

Ұлттық банк «7-20-25. Әрбір отбасыға баспаналы болуға жаңа мүмкіндік» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Жаңа бағдарлама Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асырылып, тұрғын үй ипотекасының қолжетімді болуына баса назар аударады. Данияр Ақышев бұл бағдарламаны іске асыру кезінде ең алдымен бұған дейінгі бағдарламалардың тәжірибесіне көңіл аудару қажеттігін атап өтті.

  1. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша осы жылдың екінші жартысынан бастап несие берілетін болады

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бағдарламаның негізгі бағыттары Президенттің бес әлеуметтік бастамасының аясында іске қосылады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несиенің үстеме пайызы жылына 7% болады, алғашқы жарна соманың 20%-нан аспауға тиіс, ал несиенің берілетін мерзімі 25 жылға дейін болмақ.

  1. Жаңа құрылыс материалдарына сынақ жүргізілді

Қазақстан аумағында қолданылатын құрылыс материалдарына сынақ жүргізілді. Зерттеу жұмыстары Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының зертханасында өтті. Сынақ кезінде дірілдеуіш көліктер арқылы ғимараттың бір бөлігі тербелісті күйге келтірілді және 9 баллдық жер сілкінісіне тең динамикалық салмақ түсірілді.

  1. Қалалық кадастр сәулет және құрылыс жұмыстарында ашықтықты қамтамасыз етеді

Қазақстанда құрылыс индустриясын цифрландыру шеңберінде мемлекеттік қалалық кадастр құрылуда. Ол сәулет және құрылыс жұмыстарында ашықтықты қамтамасыз етеді, инфрақұрылымның қолжетімдігі, инженерлік коммуникацияларға қосылу мүмкіндіктері туралы халыққа және бизнеске қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Қалалық кадастр жердің бетінде және жердің астындағы барлық жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым объектілері туралы бірыңғай ақпарат жүйесін ұсынады.

  1. Барлық ипотекалық несиені теңгеге ауыстырады

ҚР Ұлттық банк басқармасы 2015 жылдың сәуір айында қабылданған Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Данияр Ақышевтің айтуынша, өзгертулер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылған халықтың ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша мәселелерді түпкілікті шешуге бағытталған. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрғындардың және басқа да жылжымайтын мүліктің кепілдігі бар тұлғалардың барлық шетел валютасындағы ипотекалық несиелері теңгеге ауыстырылады.

  1. Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмендеді

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан бойынша 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл былтырғымен салыстырғанда 17,6%-ға кем. Өткен жылдың алғашқы екі айындағы көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға дейін өскен. Тұрғын үй құрылысының қарқыны 2013 жылдан төмендей бастаған.

  1. Қарағанды облысында бұзылған үйлерді қалпына келтіре бастайды

Қарағанды облысындағы қираған үйлерді қалыпқа келтіру үшін облысқа кәсіпкерлерді тарту көзделген. Билік өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді салу және қираған үйлерді қалпына келтіруге қаржы жұмсауға дайын инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізетін болады. Бұзылған үйлерде тұратын тұрғындарды жағдайы жақсы үйлерге көшіру қолға алынады, ал ескі ғимараттар жөнделеді немесе орнына басқа тұрғын үйлер салынатын болады. Апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің көпшілігі Жезқазғанда орналасқан, 28 тұрғын үйдің 16-сы қайтадан қалыпқа келтіруге жарамайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір