• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:54:22
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2017 NEWS

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі.

Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. Тіпті біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемді есептеу тәртібіде өзгеше болмақ. Бұл туралы TVK арнасы хабарлады.


Заңды құжат күшіне енгеннен бастап, мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалатын болады. Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек тәжірибесі 10 жылдан төмен болса онда бұл көрсеткіш базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Яғни бұл төлем 14 416 теңгеге тең. Керісінше еңбек тәжірибесі 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға өсіп отырады. Ал 33 жылдан жоғары болса, зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрап, одан асырылмайды.

«Бұл жерде көңіл бөлінетін басты мәселе зейнет ақы қорыны түсіп жатқан әрбір жарнаны қадағалау. Өйткені әр түскен жарна азаматтардың бір айлық еңбек өтілі болып есептелінеді. Бұдан бөлек 2018жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы қорынанда төлемды алу жолыда өзгерейін деп отыр», - БЖЗҚ АҚ ОҚОФ бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев.

Келесі жылы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізіліп, жаңа құжат өз күшіне енетін болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, нәзік жандардың зейнетке шығу жасы 6 айға ұлғаяды. Тіпті бұл үрдіс жүйелі түрде жыл сайын іске асатын болады.

«1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туылған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығатын болады. Ал 1960 ж 1шілде мен 31 желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осы лай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады», - деді бөлім басшысы.

Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мамандар БЖЗҚ дер кезінде жүгіну қажеттігін ескертеді. Қажетті құжаттар мен талаптары туралы толық ақпарат мекеменің ресми www.enpf.kz сайтында жарияланған. Сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласып анықтауға да болады. Қосымша ақпар, аталған мекеменің операциялық бөлімшелері 30 және 31 желтоқсан күндері таңғы сағат 09:00-ден 13:00 ге дейін жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір