• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:25:04
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

2017 жылы Алматы қаласында көтерме газдың бағасы 12%-ға өскен

2017 жылы Алматы қаласында көтерме газдың бағасы 12% өскен

2017 жылы Алматы қаласында көтерме газдың бағасы 12% өскен.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәмбетов айтты. 

Болат Қуанышбекұлының ақпаратынша, департаментпен «ҚазТрансГаз Аймақ» Алматы өндірістік филиалының 2017-2021 жылдарға арналған газды таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметіне 6009,56 тг/1000м3 көлемінде бірыңғай тарифі 207 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енуімен бекітілді. 

2017 жылда газға тариф 16,8%-ға өзгерді. Аталған бағаның өсуі Батыс өңірінен тасымалданатын көтерме газдың бағасының өсуіне және инвестициялық бағдарламаның өсуіне байланысты. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қолданыстағы жүйелерді модернизациялауға, және де қаланы 100% газдандыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде қаланың экологиялық жағдайын және тұрғындардың өмірінің сапасын жақсартуға жол ашады,-деп айтып өтті ол. 

Сонымен бірге, 2017 жылдың 1 маусымынан Алматы қаласында Департаментпен реттелмейтін көтерме газдың бағасы қолданыстағы бағадан 12%-ға өскенін атап өткен жөн. Қазақстан бойынша магистральдық құбырдың соңында орналасқан Алматы қаласына арналған көтерме газдың бағасы ең жоғары екені барлығына мәлім. Сәйкесінше, көтерме газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау шығындарының үлкен бөлігі Біздің қаламызға жатады. ЩҚО көтерме газдың бағасы 7 536 тг құрайды, ал Қостанай облысында 17 938 тг., немесе Жамбыл облысында 21 197 тг құраса, Алматыда 23 522 тг. құрайды, ал Бізбен салыстырғанда Батыс аймақтарында бағалар 3-5 есе төмен екенін айтпағанда. 4 жылдың ішінде газға тарифтің өзгеруі көтерме газдың бағасының өсуіне ғана байланысты, - деп сөзін қорытындылады Болат Сәмбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір