• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:59:21
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 Аймақтар

2017 жылы Жамбыл облысында сотталғандардың саны екі есеге өскен

Баяндамашы 2017 жыл бойынша облыстық соттың оқу орталығы атқарған жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың қортындысы» тақырыбында брифинг өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шараға спикерлер ретінде, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Жомарт Рүстембеков, Нурмухаммат Абидов, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші Ғалым Құлекеев қатысты.

Брифингті ашқан Нурмухаммат Абидов 2017 жылы  қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде негізгі векторлар заңдылық мен әділдік екенін айтты. 2017 жылдың есептік кезеңінде Жамбыл облысы Соттарының қарауымен 2612 қылмыстық іс аяқталған, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 551 іске артық. Оның ішінде үкім шығару арқылы 1610 іс қаралып, 1792 тұлға сотталған,  бұл  40 іске және 50 адамға көп. 43 адам ақталған (2016 жылы 52 ақталды), алқабилердің қатысуымен 2 қылмыстық ісқаралған.

Қаралған істердің өсуі көптеген санаттағы қылмыстарды қозғады, атап айтқада  аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған тұлғалардың саны екі есеге ұлғайды, 2016 жылы 85 болса  2017 жылы 135 ке дейін, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сотталғандар саны 37 тұлға өскен,  2016 жылы 268 ден 2017 жылы 305 ке дейін және қылмыстық теріс қылықтар үшінсотталғандардың саны 83 ке өскен 2016 жылы 407-ден 2017 жылы 490 дейін.

Ауыр қылмыстар бойынша соттар мен қаралған істер 72-ге және сотталған адамдар санының төмендегені байқалады,  ( 2016 жылы 768 тұлғасотталған, ал 2017 жылы 696 тұлғалар); онша ауыр емес қылмыстар бойынша да, сотталғандардың саны 48 тұлғағаазайтылған, (егер 2016 жылы осы санатбойынша 214 тұлға сотталғанболса, 2017 жылы 166 тұлға). Жеке айыптау істерінен басқа аса ауыр қылмыстармен қасақана жасалған қылмыстар бойынша ақталған тұлғалар саны өскен.2017 жылы тоқтатылған 962 тұлғағақатыстыістердің, 569-на қатыстысы тараптардыңтатуласуынабайланысты, оныңішінде медиациялықрәсімдердіқолданумен 422 тұлғағақатысты, медиациялықрәсімдер тек 193 тұлғаға қатыстығана қабылданған. Өткен жылдың ұқсас кезеңі менс алыстырғанда 229 көп.

Сонымен қатар баяндамашы 2017 жыл бойынша облыстық соттың оқу орталығы атқарған жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

Жомарт Рүстембеков азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын таныстырды. 2017 жылдың  12 айында  бірінші сатыдағы соттармен  40291  азаматтық іс және 12558 әкімшілік іс өндірісімен аяқталған. Оңайлатылған өндірісте сегіз мыңнан астам істер қаралған ол барлық аяқталған азаматтық істердің 20,2% құраған. 1 461 азаматтықжәне 157 әкімшілікіс медиация тәртібі мен қысқартылған, бітімгершілік келісімді қолдана отырып 180 азаматтық істер тоқтатылған, 22 іс партисипативтікт әртіппен қысқартылған.

"Мемлекет Басшысының және Жоғарғы Сот Төрағасының сот реформасын іске асыру жөніндегі жергілікті соттар алдына қойған басты міндеттері – бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету әділ сот төрелігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін, сот билігінің беделін, сондай-ақ қалыптастыру әділ және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру. Осы тапсырмаларды іске асыру, сот төрелігін жүзеге асырусапасына тікелей байланысты " - деді сот алқасының төрағасы.

Судья Ғалым Қүлекеев Жамбыл облысы соттарының есептік кезеңдегі БАҚ-пен өзараіс-қимылды үйлестіру жұмысы туралы ақпаратымен брифингті жалғастырды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының сот жүйесіндегі "Жеті үлкен тастарына" тоқталып, "Жеті ірі жобаны" түсіндірді.

Брифинг барысында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір