• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:08:36
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 Аймақтар

2017 жылдың тоғыз айында Астанадағы жалпы ішкі өнім 4,8%-ға ұлғайды

Жан басына шаққанда ЖІӨ 3 892,8 мың теңгені құрады. Бұл республикадағы орташа көрсеткіштен (1 951,5 мың теңге) екі есе артық

Елордада 2017 жылдың 9 айында ЖІӨ көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға артып, 3 880 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ЖІӨ құрылымының басым үлесі  – қызметтерге тиесілі (48,4%), көтерме және бөлшек сауда – 22,8%, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар –  9,5%, көлік және қаттау – 6,3%, 12,8% – өндіріс үлесінде. Оның ішінде өнеркәсіп– 4,2%, құрылыс – 8,6%-ды құрайды.

Жан басына шаққанда ЖІӨ 3 892,8 мың теңгені құрады. Бұл республикадағы орташа көрсеткіштен (1 951,5 мың теңге) екі есе артық.

Астана қаласы әкімдігі

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір