• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:28:18
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 NEWS

Бүгін 2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында  2017 жылғы əлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ-нің өсуі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ды құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-қарашадағы 105,1% қарағанда 105,2%-ды құрады.

Жылдық мәндегі инфляция 2016 жылғы желтоқсанда 8,5%-ға қарағанда 7,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,9%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 5,9%-ға өсті.

Айлық инфляция ағымдағы жылғы желтоқсанда 0,7% құрады.

Инфляциялық процестердің бәсеңдеуі аясында 2016 жылдың басынан бастап ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені 2017 жылғы қарашада да сақталған 2016 жылғы ақпандағы 17%-дан (2016 жылғы мамырда 15%, шілдеде 13,0%, қазанда 12,5%, қарашада 12%, 2017 жылғы ақпанда 11,0%, маусымда 10,5%-ға дейін) 2017 жылғы тамызда 10,25%-ға дейін біртіндеп төмендетті.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,5%-ға (2017 жылғы қаңтар-қарашада 5,7%, 2017 жылғы қаңтар-қазанда 6,5%) ұлғайды, өсу «Нұрлы жол» және «ИИД МБ» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына негізделген.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі ауыл шаруашылығында  (29,3%-ға, 352,5 млрд. теңгеге дейін), саудада (21,8%-ға, 203,5 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (11,8%-ға, 73,6 млрд. теңгеге дейін) және өнеркәсіпте
(3,8%-ға, 4 792,4  млрд. теңгеге дейін)
байқалады.

Елдің халықаралық резервтері 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 88,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 2,1%-ға азайды (2017 жылдың басынан бастап 2,5%-ға төмендеді), оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға 57,6 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді (2017 жылдың басынан бастап 6,0%-ға төмендеді). Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 31,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 5,1%-ға ұлғайды (2017 жылдың басынан бастап 4,6%-ға ұлғайды).

Жұмыссыздық деңгейі 2017 жылғы қарашада (бағалау) 5,0%-ды құрады.

  1. Экономика салаларындағы ахуал

2017 жылы өнеркәсіпте (7,1%-ға), көлік саласында (4,8%-ға), байланыста (3,3%-ға), саудада (3,2%-ға), ауыл шаруашылығында (2,9%-ға) және құрылыста (1,9%-ға) өсудің оң серпіні байқалды.

2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1%-ға ұлғайды. Өнеркәсіптің өсуіне мұнай, табиғи газ, металл кендерін өндіру, көмір және лигнит,  мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және металлургия өнеркәсібі елеулі әсер етті.

Мұнай өндірудің – 10,5%-ға, табиғи газ өндірудің – 10,1%-ға, темір кенін өндірудің – 6,9%-ға, көмір және лигнит өндірудің – 6,0%-ға өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 9,3%-ға ұлғайды.

Фармацевтикалық өнімдер өндіру – 41,8%-ға, тоқыма бұйымдарын
өндіру – 11,2%-ға, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру – 5,6%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 5,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру – 4,1%-ға, сусын өндіру – 4,0%-ға өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 5,1%-ға ұлғаю орын алды. Сондай-ақ, жиһаз өндіру – 9,4%-ға, металлургия өнеркәсібі – 5,9%-ға  және машина жасау – 5,6%-ға өсті.

Электр энергиясын өндіру көлемінің 6,2%-ға ұлғаюы есебінен электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 4,9%-ға өсті.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 0,2%-ға төмендеді.

Өңірлік бөліністе өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі 14 өңірде, төмендеуі 1 өңірде, 1 өңірде – былтырғы жылдың деңгейінде байқалады.

Өнеркәсіптің неғұрлым жоғары өсу қарқыны Атырау (20,8%-ға) облысында және Астана қаласында (7,8%-ға) байқалады.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,9%-ға ұлғаюы есебінен
ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 2,9%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 14 өңірде байқалып отыр.

Ең көп өсу Маңғыстау (8,2%-ға), Павлодар (6,7%-ға), Жамбыл (5,5%-ға) және Ақтөбе (5,3%-ға) облыстарында белгіленді.

Құрылыс жұмыстары 1,9%-ға өсті.

Құрылыс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде, төмендеуі 1 өңірінде байқалады.

Құрылыстың неғұрлым жоғары қарқыны Қостанай (27,8%-ға), Ақмола (15,9%-ға), Қызылорда (10,8%-ға) және Ақтөбе (10,4%-ға) облыстарында тіркелген.

Құрылыс жұмыстары көлемінің елеулі төмендеуі Атырау облысында
(6,8%-ға) байқалады.

Батыс Қазақстан (42,4%-ға), Оңтүстік Қазақстан (36,2%-ға), Қостанай (35,9%-ға) және Павлодар (31,2%-ға) облыстарында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының айтарлықтай ұлғаюы есебінен 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру 6,2%-ға өсті.

Көлік қызметтерінің көлемі 4,8%-ға ұлғайды, жүк тасымалдау көлемі 5,2%-ға, жолаушыларды тасымалдау 1,7%-ға өсті. Байланыс қызметтерінің көлемі 3,3%-ға ұлғайды. Бөлшек және көтерме сауда көлемі 3,2%-ға өсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір