• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:39:12
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2018 Әлеумет

2017 жылдағы жантүршігерлік үш тағдыр

Өз өлімін күтіп отырғандар үшін өнер – өзін табудың бір жолы іспеттес

Өнер, шығармашылық адамға уақытша болса да шынайы өмірді ұмытып қиял ғажайып әлеміне енуге мүмкіндік береді. Өлім жазасына кесілгендер үшін оның орны ерекше. Өз өлімін күтіп отырғандар үшін өнер – өзін табудың бір жолы іспеттес. Өлім жазасына кесілгендердің кейбір еңбектері өте сәтті шыққан. Сондай таланттардың бірі Мюран Сукумарана. Оны Австралияның Сидней қаласында өлім жазасына кескен. Мюранның еңбектері «Жұмақтағы бір күн» көрмесінде қойылды.

Түрме

Cурет

Мелани Гудвиннің ішінде бірнеше адам қатар өмір сүріп жатқандай. Мелани кейде үш жастағы қызға айналады. Ол уақытта 4 жастағы Мелани ойыншықпен ойнайды. Кейде 16-дағы қыздай жүреді. Бұл күндері Мелани өз көлігімен емес велосипедпен керекті жеріне барады. Себебі көлікті жүргізе алмай қалады.

Қыздар

Мелани түрлі жастағы адам болып шыға келеді. Ең қызығы дәл сол жастағы сүрген өмірі оның есінде қалмаған. Уақыт өте келе Мелания бала кезінде зорлықты бастан өткергені есіне түскен.

«Менің ішімде 9 түрлі адам өмір сүреді. Олардың жасы әртүрлі. Ішімдегі адамдардың әрқайсысы өз дегенімен жүргісі келеді және бала кездегі ауыр жағдайды есіне алғысы келмейді» деді Мелани.

Қол

Аахенедегі адам генетика институтының (Германия) профессоры Инго Куртаның ерекше емделушісі бар. Оның есімі Стефан Бетц. Жасы 21-де. Стефан ешқандай ауруды сезбейді. Оған наркоз немесе ауруды басатын дәрісіз-ақ ота жасай беруге болады. Себебі пышақ Стефанға ешқандай ауырлық сезімін тудырмайды. Десек те, Стефан басқа адамдар секілді суықта тоңады, ыстықта терлейді.

Стефанның ата-анасы мен бауырларында мұндай ерекшелікке ие емес. Анасының айтуынша, Стефан 5 жасында тілінің ұшын тістеп тұрып ештеңені сезбеген. Осыдан кейін ата-анасы оны дәрігерге көрсетті. Тексеру нәтижесінде Сол кезде Стефанның ешқандай ауырлық сезімін сезбейтіні анықталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір