• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:56:55
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 NEWS

200 мың теңге үшін адам өлтірген такси жүргізушісі сотталды

Марқұмның жақындары бұл қылмысты қасақана жасаған деп есептейді, Қыздың мәйіті екі аптаға дейін табылмаған.

Шымкентте 200 мың теңге үшін жас жолаушы қызды тонап, қасақана өлтіріп кеткен такси жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Соттың берген мәліметіне сүйенсек, 26 жастағы таксист 19 жылға бас бостандығынан айрылған. 

"Бұл іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 5-тармағы және 99-бабының 1-бөлігі бойынша түсті. Сот отырысында прокурор сотталушыға жаңа айып тақты. Нәтижесінде ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы бойынша, яғни, басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіргені үшін сотталды. Прокурор 18 жыл сұрады, алайда сот жасалған қылмыстың ауыр болғанын ескере отырып, ер адамды 19 жылға соттады", - деді судья Самиддин Темірәлиев.


Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы биылғы жылдың қаңтарында Әйгерім Тасболатова есімді 24 жастағы қыздың бар ақшасын сыпырып алып, артынша соққыға жығып, өлтіріп кеткен. 

Марқұмның жақындары такси жүргізушісі қыздың банкоматтан ақша алғанын көріп, аңдып, көлігіне отырғызып, бұл қылмысқа қасақана барған деп болжап отыр. Қыздың мәйіті екі аптаға дейін табылмаған. 

Қайтыс болған қыздың туыстары соттың шығарған үкіміне наразы. Олардың ойынша қылмыскер 25 жылға қамалуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір