• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:15:26
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2018 NEWS

20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын 84-секундта нокаутқа түсірді

Ол 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан ауыр соққы жасап, нокаутқа түсірді

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын 20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) Квебектегі (Канада) Давид Лемье — Карим Ашур бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Ахмедов 34 жастағы аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриге (9-3, 7 КО) қарсы төрт раундтық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ол 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан ауыр соққы жасап, нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық жас боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал аргентиналық карьерасында төртінші рет жеңіліске ұшырады.  

Естеріңізге сала кетейік, Садриддин 7 сәуірде алғашқы жекпе-жегін Тони Баррерасқа (1-2, 1 КО) қарсы өткізіп, таңғаларлық жеңіске жеткен болатын, мексикалық бірінші раундтың 31-ші секундында-ақ нокаутқа түсті. Осы жекпе-жектен кейін UCN Live журналисі Райан Скалия "жігіттің болашағы жарқын" екенін айтты, ал оның TVA Sports-тағы әріптесі Николя Мартино "бұл есімді есте сақтауға" шақырды. 

Ахмедов келесі жекпе-жегін Шавиниганде (Канада) 16 маусымда өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір