• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:14:22
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 Саясат

20 жастағы өзбекстандық Тәжікстанда сегіз ай құлдықта болған

Істі Тәжікстан ішкі істер министрлігі тергеп жатыр. Әзірге қылмыстық іс қозғалмаған. Амиров Өзбекстан елшілігінен көмек сұрауды көздеп отыр.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Өзбекстанның 20 жастағы азаматы Жасур Амировтың арызын қарай бастады. Ол сегіз ай бойы Гиссар тұрғынының қолында құлдықта болғанын айтқан.

Жасур Амировтің сөзіне қарағанда, екі жыл бұрын оның ата-анасы ажырасқан, Жасур әкесімен бірге Термезде тұрған, ал екінші мәрте тұрмысқа шыққан анасы екі қызымен Гиссарға көшіп кеткен. Өткен жылы қазан айында жас жігіт тәжік визасын алып, анасымен көрісу үшін Тәжікстанға барған.

Бірақ Жасур анасымен бірге ұзақ тұра алмады. Бірнеше күннен соң оның анасы Дилфуза Аликулова Түркияға жұмысқа кеткен, аз уақыттан соң өгей әкесі баланы үйден қуып шыққан. Жасурдың үйіне қайтатын ақшасы болмаған, сол себепті ол қара жұмыс істеуге шыққан. Жолда жергілікті бір тұрғынмен кездесіп, ол Жасурды Гиссар ауданы Сайёд қышлағына алып барған.

"Үйге келген соң ол менің төлқұжатымды алып қойды. Маған бөлменің бір бұрышынан орын беріп, ауланы тәртіпке келтіруді және үйдің қабырғаларын түзулеуді тапсырды", - деді ол.

Ол Сайёд қышлағының тұрғыны Нуъмон Мирзоевтің үйінде өткізген сегіз айды "өте ауыр" деп атады. Оған жұмысы үшін ақша төлемеді, дұрыс тамақтандырмады, ол өз төлқұжатын сол күйі көрмеген. Дегенмен Нуъмон Мирзоев жас жігіттің сөздерін жоққа шығарып отыр. Ол Жасур Амировтің үйінде тұрғанын, оған тапсырмалар бергенін растады. "Бірақ мен оны күшпен ұстаған жоқпын, төлқұжатын тартып алмадым", – деген Мирзоев.

Істі Тәжікстан ішкі істер министрлігі тергеп жатыр. Әзірге қылмыстық іс қозғалмаған. Амиров Өзбекстан елшілігінен көмек сұрауды көздеп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір