• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:50:26
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 NEWS

20 маусымда Қазақстанда құбылмалы күн райы сақталады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 маусымда Қазақстанның жекелеген өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек республиканың батыс және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерінде найзағай, жаңбыр, күшті жел, сондай-ақ дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертің тұман күтіледі. Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір