• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:08:32
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

$20-ын құрбан еткен қайыршы өзі күтпеген ғажайыпқа кенелді

Америкалық Филадельфия штатында көше кезіп, қайыр тілеп жүрген Джонни Боббит әлемдегі ең бай қайыршы атағына ие болды.

Өзгеге жасаған жақсылығың өзіңе міндетті түрде қайтады. Ерте ме, кеш пе, маңызды емес, алайда жақсылықтың қайтарымы мол екеніне тағы бір көзіміз жетті. Америкада болған оқиға көпшіліктің көкейіне ой салар.


Америкалық Филадельфия штатында көше кезіп, қайыр тілеп жүрген Джонни Боббит әлемдегі ең бай қайыршы атағына ие болды. New York Post басылымының мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушыларының көмегімен жиналған 400 мың долларға жуық қаржыға Джонни үй алды. Ендігі кезекте өзі талай жылдан бері армандаған Ford Ranger көлігін сатып алмақшы.

Қомақты соманы қайыршыға ешқандай қатысы жоқ америкалық тұрғын Кейт Макклюр жинаған. Оқиға қыздың Джоннимен қалай танысқаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған постынан кейін басталған.

Бездомный

Қарашаның соңында Кейт көлігімен серуендеп жүрген уақытта жанармайы таусылып, жол ортасында қалып қояды. Сонда Кейтке көмектескен жалғыз адам көше кезіп жүрген қайыршы еді. Сол қайыршы бүгінде жеке үйі мен қомақты қаржысы бар Джонни болды. Өзінің жейтін тамағын әрең тауып жүрген үйсіз адам соңғы ақшасына жанармай алып, Кейтке берген. Қатты толқыған қыз ақшаны міндетті түрде қайтаруға уәде береді. Және осы оқиға жайында өз парақшасына жазады. Нәтижесінде желі қолданушылары ер адамды қолдап, көмектесуге дайын екендерін жеткізген.

Боббиттің ендігі жоспары – құжаттарын түгендеп, жұмысқа орналасу. Сондай-ақ өзі секілді көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды қалайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір