• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:33:26
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2018 Оқиғалар

18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған

Ол мектеп жанында футбол алаңы бар екенін, сонымен бірге ғимараттан алыс емес жерде супермаркет, авто тұрақытың бар екенін мәлімдемесінде көрсеткен.

АҚШ-тың Индепенденс қаласының мектеп оқушысы Килан Шили білім беру мекемесін сату жөнінде мәлімдеме жасап, интернетке жарнама берген. Бұл туралы Fox хабарлайды. 
18 жастағы америкалық мектеп жанында футбол алаңы бар екенін, сонымен бірге ғимараттан алыс емес жерде супермаркет, авто тұрақтың бар екенін мәлімдемесінде көрсеткен.
Меткепті сатудағы себепті жас жігіт онда оқушылардың азайып бара жатқанын айтып түсіндірген. 20 бөлмелі ғимарат үшін Шили 120275 доллар сұраған.
Жарнаманы полиция көріп, мән-жайды анықтамақ болыпты.  Шилидің айтуынша, "оқушылар азайып бара жатыр" деген тіркеспен ол осы жылы мектепті бітіретінін айтқысы келген. 
Белгілі болғандай, полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жас жігітті қылмыстық жауапкершілікке тартпай, жай ғана интернеттегі жарнамасын жоюды талап еткен. Десек те, мектеп әкімшілігі бұлай қалжыңдаған оқушыны мектептен шығарып, бітіру кешіне келуге тыйым салған.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір