• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:40:21
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 NEWS

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақаталады, оңтүстікжәне оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

          Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ болуы мүмкін. Алматы, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауылмен күшейеді. Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір