• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:49:42
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Оқиғалар

17 адамды айуандықпен өлтірген жігіт неліктен мұндай қадамға барғанын айтты

Николас Круздың танысы оны қаруға ерекше қызығушылық танытатын ақыл-есінен адасқан адам ретінде сипаттады

Паркленд қаласындағы мектептің бірінде атыс жасаған Николас Круз тергеушілерге шабуыл жасауына не түрткі болғанын айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, ол дауыстар естіген. Олар Николасқа қайда барып, не істеу керектігін нұсқаған.

19 жастағы жігітті білетіндер оның мінезі қиын екенін айтады. Оны асырап алған отбасы Николас Круздың соңғы уақытта депрессияда болғанын және психотерапевтке қаралып жүргенін айтады. Бірақ сеанстар тоқтаған.

Николас Круздың танысы оны қаруға ерекше қызығушылық танытатын ақыл-есінен адасқан адам ретінде сипаттады.

Николас бұған дейін Instagram-ға тапанша мен пышақ ұстап тұрған фотоларын жиі жариялаған. Ал суреттің астына мұсылмандар туралы әзілдеп, атысты – «топтық терапия» деп жазған.

Ол 14 ақпанда 17 адамды өлтіріп, 14 адамды жарақаттады. Ауруханада жатқан үш адамның жағдайы ауыр.

Николас Круз атыс жасаған мектепте 2016 жылдың ақпанынан 2017 жылға дейін оқыған. Оны тәртібі үшін мектептен шығарған. Мектеп әкімшілігі оның нақты не үшін мектептен шығарылғанын «жеке өмірге қол сұқпау» деген желеумен айтпай отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір