• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:24:27
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 NEWS

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың шығысында кей жерлерде қар жауады. Елдің батысында күн жауын-шашынсыз. Кей  жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп. 

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір