• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:28:17
Алматы
+35°

10 Шілде, 2018 Әлеумет

15 жастағы қыздың өлімі Түркістан билігін тік тұрғыза ма?

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 9 үй, №56 пәтерде Оралбек Арайлым Бауыржанқызы есімді 15 жастағы қызды тоқ ұрып, қыз көз жұмды.

Facebook әлеуметтік желісінде Түркістан қаласындағы көп қабатты пәтерде болған қайғылы оқиғаға қатысты видео тарады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 9 үй, 56 пәтерде Оралбек Арайлым Бауыржанқызы есімді 15 жастағы қызды тоқ ұрып, қыз көз жұмды.

Тұрғындар қайғылы жағдайдан кейін дабыл қағып, істің мән-жайы тексерілуін талап етіп отыр. Олардың айтуынша, тұрғындарды тоқ соққан жағдай жиі болып тұрады. Олар өз өмірі мен жақындарының өмірі үшін алаңдап отыр.

«Жақында тоқтарды тексерді. Тексеріс барысында дәлізден пешке жалғанатын зат жоқ болып шыққан. Адамдар пешке жақындаса тоқ ұрып жатыр. Еденді жуғанда пешке жақындап қалсаң кәдімгідей лақтырады. Әйелімнің басынан сондай жағдай өткен. Қызды кешкі 9.30 бен 22.00 аралығында тоқ ұрса, әйелімді сол күні таңғы 9-дар шамасында ұрды. Бұл үйді жинап жатқанда болған жағдай» дейді тұрғын.

Арайлым Оралбектің туған әпкесі Ырысалды Оралбек қызды қуаты күшті тоқ ұрғанын айтады. Ол мәйітханада қыздың қасында болған.

«Мені 9.30-да інім қоңырау шалып шақырып алды осы жерге. Мен таксимен келемін дегенше олар сіңлімді аулаға көміп қойған екен. Үміт қой. Таңғы сағат жетіде болмады. Таң ертең жедел жәрдем келді. Олар келгенде оның қайтыс болғанын айтты. Мәйітханаға алып кетті. Өзім басы қасында болдым. Ең күшті тоқпен ұрған дейді. Арқасының бәрі күйіп кеткен. Өз көзіммен көрдім оны. Тоқты қолымен ұстаған. Ол құлақтан шыққан. Құлағы қанталаған. Құлақ тұсының бәрін кесіп көрді. Арқасы толығымен күйіп кеткен. Сіңлім қайтып келмейді ғой, бірақ мұндай жағдай басқа адамның басынан өтуі мүмкін ғой» дейді марқұмның әпкесі.

Әлібаева Ырысалды Бауыржанқызы өзі жалғызбасты ана екенін және оның 5 баласы бар екенін айтады. Сіңлісінен айырылып, қан жұтып отырған ол балалары үшін де алаңдап отыр.

«Жұмысқа кеткенде балаларымды атасының үйіне тастап кетемін. Балаларымның басынан мұндай жағдай өтпесіне кім кепіл? Кім жауап береді? Сіңлім мынандай болып отыр. Енді мен қалай жұмыс істеймін?» дейді ол.

Көп қабатты үй тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні әкімдік, прокуратура мен үйді салған фирма басшылығы бойы көрсетпеген. Қызынан айырылған Арайлымның әкесі үйді салған фирма басшысы мен әкімдік, прокуратураға өз ренішін жеткізді.

«Әкімдік, прокуратура мен үйді салған фирманың бір де бір өкілі «мына жерде не болып жатыр?» деп көңілімізді сұрамақ түгілі, қарасын да көрсетпеді. Қызымыздан айырылып отырмыз ғой. Жағдайды да біліскен жоқ. Қыздың шешесі де жоқ. Жалғыз өзім тәрбиелегенмін» дейді марқұмның әкесі.

Осы жағдай бойынша істің мән-жайын анықтау үшін Түркістан қаласы әкімдігіне хабарластық. Әкімдіктің берген мәліметіне сай, №9 үйдегі тоққа қатысты мәселе тексеріліп жатыр.

- Осы іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жауапты бөлімдерден, тендерді алған адамдардың жұмыстары тексерілуде. Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін нақты шешім шығады. Аталмыш іс бойынша арнайы комиссия да құрылған, дейді әкімдіктің БАҚ-пен байланыс қызметінің өкілі Мадина Байғұт.  

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір