• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:14:08
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 Аймақтар

 Маңғыстау облысында ер адам кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді үйлену үшін алып қашқан. Бұл жайында Tumba.kz жазады.

Бұл оқиға ағымдағы жылдың сәуірінің соңында болған. Алайда бұл жағдай құқық қорғау органдарына қазір белгілі болып отыр. 21 жастағы Шетпе ауылының тұрғыны желтоқсанда 16-ға толатын  ауылдасын алып қашқан. Анықталғандай, ер адам жас қызбен жыныстық қатынаста болған.

Ер адамға қандай шара қолданылатыны әлі белгісіз. Заңгерлердің айтуынша, елімізде кәмелет жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу қылмыс болып саналады.

Заң бойынша, 16 жасқа толмағандармен заңды некеге тұруға рұқсат жоқ.  Ал 16 жастағы бойжеткен заңды некеге кейбір жағдайда ғана тұрады, мысалы, қыздың аяғы ауыр болғанда.  

ҚР Қылмыстық Кодексінің 122 бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскендер заң бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылады немесе алты айға қамалады немесе бес жылға сотталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір