• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:44:40
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 NEWS

15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кей  жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территорясының кей жерлерінде қар жауып, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік шығысында түнде кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей  жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.

     Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстауоблыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасың күтіледі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір