• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:59:05
+35°

07 Наурыз, 2018

15-16 наурызда «Жас екпін» дәстүрлі өнер байқауы өтеді

Байқауға музыкалық орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған музыка мектептерінің 11-12 сынып оқушылары қатысады.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қоры» 15-20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «Жас екпін» байқауын өткізеді. Бүгін соған арналған баспасөз конференциясы болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Конференцияға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті Мұрат Әбуғазы, Кенен әндерінің насихатшысы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұстазы Шолпан Даржанова мен «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қорының» директоры Әзірбаев Мұхит Бақытұлы, Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен Әзірбаева қатысты.

жас  екпін

– Қазақ даласында ғасырдан-ғасырға келе жатқан ұлттық өнеріміз бар. Оның ішінде ән дәстүрі мен күй дәстүрін ауыз толтырып айтуға болады. Халық аспаптары – дәріптеуге тұрарлық құндылық. Ән менен күйдің көкпарында қайнап, қазақ даласындағы өнер мектептерінің пұшпағын илеп жүрген жас буындарды жинап, осы байқауды өткізсек деген арманымыз болды. 2018 жылдың 15-16 наурызында алыстан ат шаптырып келетін жастардың додасын өз көзімізбен көрсек деген ойымыз бар. Байқауды өткізуге алтын көпір болып,  «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қоры» қаржылық қолдау көрсетіп отыр, - деп айтып өтті Рамазан Стамғазиев.

жас  екпін

Байқауға музыкалық орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған  музыка мектептерінің 11-12-сынып оқушылары қатысады. Байқау  «Дәстүрлі ән» және «Дәстүрлі күй» екі номинациялары бойынша өтеді.

жас  екпін

«Жас екпін» байқауы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән-күй саласындағы асыл қазынасын жан-жақты насихаттау, жас ұрпақты бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеуді мақсат тұтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір