• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:07:52
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 NEWS

14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде

Синоптиктер Қазақстанда 14 қарашаға арналған  ауа райы болжамын жария етті, деп хабарайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, антициклонның ықпал етуіне байланысты Қазақстаның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде және оңтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр немесе қар жаууы ықтимал.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір