• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:36:14
Алматы
+35°

13 Сәуір, 2018 NEWS

13 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.  Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір