• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:32:16
+35°

13 Наурыз, 2018 NEWS

13 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

13 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты нөсер жауады. Тек батыста күн ашық болады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшеюі ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасынмен соғып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір