• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:53:51
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Әлеумет

12 жастағы сириялық қашқынның суреті оның арманының орындалуына көмектесті

12 жастағы Мұхаммед Кхалед отбасымен Сириядағы қанды қырғыннан қашып шыққан.

12 жастағы Мұхаммед Кхалед отбасымен Сириядағы қанды қырғыннан қашып шыққан. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адымян қаласынан паналайтын жер тапқан соң, Мұхаммед бірден жұмыс істеуге кірісіп кетеді.

Сириялық қашқын

Ол отбасын асырау үшін жастайынан ақша табуға мәжбүр болды. Сөйтіп, 12 жастағы бала аяқ киім тазалағыш болып жұмысқа орналасты. Сириялық қашқынның оқиғасын 1news.az порталы ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үйіне қайтарда танымал спортзалдың жанынан өтетін. Спортпен айналысқанды қатты армандап, тек терезесініен үңіліп қана қайтатын. Мұны байқаған белгісіз біреу баланы сыртынан түсіріп алып, желіге салды.

Мұхаммед

Аяқ киімді қоятын тіреуішті асынып, спортзалға үңіліп қарап тұрған баланың фотосы халық арасында қызығушылық тудырып, түрлі пікірлер айтылды.

Мұхаммед

Клуб иелері де мұны назардан тыс қалдырмады, жас сириялыққа өмірлік абонемент сыйға тартты. «Біз де фотоны көрдік. Жанымызға батты. Ақыры баланы тауып алып, абонемент сыйладық. Қалаған уақытында келіп, спортпен айналысуына болады», - деді клуб өкілі.

Мұхаммед

«Мен қатты қуаныштымын. Көптен бері көкейімде жүрген арманым орындалды. Өмірлік абонементке қол жеткіздім. Енді спортпен айналысып, сәл де болса арықтаймын», - деп қуанышымен бөлісті МұхаммедМұхаммед

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір