• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:55:42
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

12 жастағы қыздың асқазанынан 3 келіге жуық шаш шықты

Неслихан шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырған.

Неслихан шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырған. Түркиядағы Конья қаласының 12 жастағы тұрғыны Неслихан Каракоч үш жыл бойы ішінің ауыратынын айтып шағымданған, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сүйеніп жазады. 

Алайда соңғы кезде қыздың ауруы асқынып, ата-анасы оны дәрігерге апаруға тура келген. 

Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу 12 жастағы қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды. Томография түсіріліп, кейін қызға операция жасалады. 

Оның асқазанынан 2 келі 800 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан. Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған. 

Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.

"Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу — ол ауру. Оны медицинада трихотилломания деп атайды", – дейді Бюлент Эреноглу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір