• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:52:42
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 NEWS

12-14 сәуірге арналған ауа-райы болжамы: Оңтүстікте күн жылынады

Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді.

«Қазгидромет» РМК 12-14 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қаржауады. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді.

Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде ауа температурасы күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа көтеріледі. жылынады.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дауыл тұратыны ескертіледі. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, ал күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі

12-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының  кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір