• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:47:39
Алматы
+35°

15 Шілде, 2012 Ұлы көш

Жасарат Жәлелұлы

1966 жылы 20 желтоқсанда Үрімжі қаласында туған. Әкесі Жәлел жас кезінде Үш аймақ төңкерісіне қатысып, ұлттық армия қатарында болған. Шешесі Бәтима Қапышқызы...

1966 жылы 20 желтоқсанда Үрімжі қаласында туған. Әкесі Жәлел жас кезінде Үш аймақ төңкерісіне қатысып, ұлттық армия қатарында болған. Шешесі Бәтима Қапышқызы да жоғары мектеп бітірген соң,Үрімжі, Фукаң, Манас өңірлерінде мемлекеттік қызметте болды.

Жасарат 1985-1990 жылдар аралығында  Шыңжаң медицина институтында білім алды. Кейін медицина университетінде ұзақ жыл қызмет жасап,  медицина ғылымының докторы дәрежесіне дейін көтерілді. Қазір Шыңжаң автономиясының сүйек ауруларын зерттеу орталығында  қозғалыс медицинасын зерттеу бөлімінің меңгерушісі міндетін атқаруда. Сонымен бірге Шыңжаң дәстүрлі қазақ медицинасы қоғамының алқасы.

Ол ұзақ жыл шатыршалы өкше сүйекті жалғау әдісін зерттеп, айтулы нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда бұл жетістік қытай медицинасында кеңінен пайдаланылуда. Аталмыш тақырыпта 15 ғылыми мақала жариялады. Оның ішінде «Factors influencing the tensile strength of repaired Achilles tendon A biomechanical experiment study» деген мақаласы халықаралық белді журнал SCI-да жарық көрді.

Жасарат Жәлелұлы өз өнерін ұштай түсу үшін, Бейжің қозғалыс медицинасын зерттеу орталығы Шанхай Хуашан емханасының сүйек бөлімі, Шанхай университеті биодинамикалық зерттеу орны, Шанхай Фудан университеті биомедицина зерттеу орны, Гуаңжоу Жұңшан университеті  молекулалық биологияны зерттеу орны сынды ғылыми-зерттеу орталықтарынан тәжірибеден өтті.

2009 жылы Шыңжаң медицина университетінің таңдаулы ғылыми қызметкері болып бағаланды; 2010 жылы Жұңхуа медицина қоғамының 12 кезекті сүйек аурулары ғылыми талқы мәжілісінде және 5 кезекті халықаралық COA ғылыми талқы жиналысында сыйлық алған.

Ғылыми мақалалары:

«Тарамыстың үзілуіне клиникалық жақтан диагноз қоюдың барысы», «Тарамысты жалғауға қажетті материалдардың клиникалық мәні», «Жасы жетіп алжудың ерекшелігі және дәрімен емдеудің түйіндері», «Үзілген тарамыстың сауығу барысындағы динамика мен биологиялық әсер», «Үзілген тарамысты жалғау әдісінің клиникалық қолданылу құны жөніндегі зерттеу», «Қазақ шипагерлігі және сүйек аурулары», сонымен қатар

«Сынықты отамен сауықтыру», «Шыңжаңдағы қазақ ұлтының өсімдікті кәдеге жаратуына аялдағанда», т.б. 18 ғылыми мақаланы басқалармен бірігіп жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір