• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:06:30
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Аймақтар

118 мың ақтөбелік бала жазғы демалыспен қамтылатын болады

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ләззат Уразбаева хабарлады

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ләззат Уразбаева хабарлады.

Оның айтуынша өңірде, тұтастай алғанда, жазғы демалысты ұйымдастыруға 282 млн.теңге қарастырылған.

«Қала сыртындағы лагерьлерде 11 405, мектеп жанындағыларда – 56 281, палаталыда – 17 486, ата-аналарының есебінен тағы да 33 084 оқушы демалады. Өңірде 11 қала сыртындағы, соның ішінде, 3 мемлекеттік, 8 жеке лагерьлер жұмыс істейді, онда 11 мың бала демала алады. Ерекше білім талаптары бар балаларға арналған қала сыртындағы «Күншуақ» лагері 600-дей баланы қабылдайды.

1 қыркүйекте қала сыртындағы «Әсем» жыл бойғы лагерінде 300 орындық мектеп және оқушылар үшін жабдықталған ұйықтайтын блок ашылады. Қобда ауданының Егіндібұлақ кентінде жыл бойғы лагерь құрылысы жоспарлануда», - деді Ләззат Уразбаева.

Ағымдағы жылы жазғы каникул уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер сауықтыруға, сондай-ақ, олар демалуға және жұмыспен қамтылуға бағытталатын болады. 5-9 сыныптардан 48 мың оқушы көгалдандыруға, бау-бақша, жөндеу және құрылыс жұмыстарына тартылатын болады, 24 мың бала қызығушылықтарына қарай үйірмелер мен спорттық секцияларға, аула клубтарына қатыстырылатын және қосымша біліммен қамтылатын болады, 5 мың бала «Жас Ұлан» қызметімен айналысады, тағы да 9 мың бала – жазғы мектептік тіл алаңдарымен айналысады.

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру барысында 3325 оқушыны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарына экскурциясын ұйымдастыру жоспарлануда, 2540 оқушы облыстың қасиетті жерлеріне бара алады.

Одан басқа, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында тамызда Байқоңыр – Түркістан – Ташкент – Самарқанд бағыты бойынша 100 оқушыға туристік сапар ұйымдастырылатын болады.

Түрлі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың 5 жеңімпазы Татарстан Республикасындағы «Байтик» лагерінде, 5 мектеп оқушысы – ҚХР лагерінде, 120 бала – Орынбор облысының «Солнечная страна» лагерінде, 400 оқушы – Шығыс Қазақстан облысындағы «Дарын» лагерінде демалатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір