• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:23:33
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 Әлеумет

11 жастағы ұлым жезөкшенің қандай болатынын біледі

Бір жолы пәтерде біреуді зорлап жатқандай дауыстар естілді. Біз қатты шошып кетіп полиция шақырдық.

Мәскеуде үш мыңнан аса пәтер қысқа уақытқа, яғни бірнеше сағатқа немесе бір күнге жалға беріледі. Елдің асатанасына келушілер  үшін де, мәскеуліктер үшін де қысқа уақытқа пәтер жалдау ыңғайлы. Пәтер иелеріне бұл бизнестен жақсы қаражат түседі.  Алайда осындай пәтерлердің жанында тұратын көршілер азап тартады, деп жазады Лента.ру.

Жалға пәтер алу бизнесімен күресудің заңды жолдары жоқ. 42 жастағы Татьяна өзінің қарт анасымен және 11 жастағы ұлымен бірге  ескі үйде тұрады. Бұл пәтер оған атасынан қалған мұра және мұнда оның бірнеше ұрпағы тұрған. Үстіңгі қабатта тұратын Татьянаның көршісі әйелдің өмірін тозаққа айналдырған. Сол себепті амалы таусылған  әйел  өз үйінен көшкісі келеді.

Әйелдің айтуы бойынша, осы пәтерде қанша тұрса да, көршілер арасындағы дау-дамай тез әрі жеңіл шешілетін. Алайда подбарлық кемпір-шалдар көз жұмған соң, үйлердің біршамасы олардың балалары мен немерелеріне көшкен.

"Подъезде 3 пәтер жалға беріледі, бірақ олардың тұрғындары тыныш, ұзақ қонақтайды, барлығын танимын. Ал 5-қабаттағы біреуі тұп-тура бордельге айналып кетті.

Ең қызығы, бұл пәтер баяғыда бір мектепте оқыған, құрдасымның үйі. Бала кезде дос болып, бір үйірмелерге қатысқанбыз. Ал енді міне, өмір деген қалай... Ол менің қас жауыма айналды",-дейді әйел.

- Көпшілігі біздің жағдайды түсіне алмайды. Себебі тәулік сайын жалға берілетін пәтердің жанында тұрып көрмеген. Осы жылдың өзінде үйді екі рет су басты, бір рет өрт шықты, бірнеше рет полиция араласқан дау-дамайды бастан өткердік. Отбасылар, туристер, шет жақтан келгендер жалға алса, бір сәрі. Қарсы болмайтын едім. Бірақ мына пәтерге кімдер кетіп, кімдер келмейді. Бір жолы полициямен пәтер ішіне кіріп көрдім. Шын айтсам, балаларды бұл жерден 100 метр аулақ ұстайтын едім. Пәтердің ішінде жиһаз да жоқ, қонақ бөлмеде үлкен теледидар мен екі алпамсадай өлең тыңдайтын колонкалар тұр екен. Бөлмелер қызыл түске боялған-,дейді әйел.

- Мүлдем ұйықтамаймын десем, артық айтқаным емес. Түн сайын пәтерде айқай-шу, қыздардың шыңғырған даусы, ұрыс-керіс, би. Жұмыс күндері кейде тынышталып қалады, ал демалыс күндеріміз «өте көңілді» өтеді.  Жазда үйді тастап, шет жақа демалуға кетеміз.

Менің 11 жастағы ұлым керемет көршілеріміздің «арқасында» жезөкше деген кім екенін олардың  қандай болатынын біледі. Көп жағдайда қыздар баспалдақта отырып жылайды, темекі шегіп отырады, кейде қарқылдап күліп жатады. Пәтер ішіндегі суды өшірмей кетіп жатады, соның салдарынан менің үйімнің төбесі сарғайып, жарылып кеткен.

Әрине, пәтерді жалға алатын адамдармен де, оның иесімен де талай рет келісімге келуге тырыстық. Жалға берушілер көп дегенде кешірім сұрап құтылады да, ары қарай өз дегендерін істей береді. Ал пәтер иесіне келетін болсақ, баяғыда  менің көз алдымда қалған жақсы баладан ештеңе қалмаған, қазір ол барлығына немқұрайлы қарайтын  жігітке айналған. Кейде айтқандарымызды мүлдем естімген кейіп танытады. Бір жолы анамды боқтап тастады.  

Полиция бізге келіп шаршады, себебі олардың қолынан ештеңе келмейді. Келеді де, пәтерді жалдаушылардың құжаттарын тексереді. Қатты шуламауды өтінеді, болды.

Бір жолы пәтерде біреуді зорлап жатқандай дауыстар естілді. Біз қатты шошып кетіп полиция шақырдық. Қыз үшін қорықтық. Алайда пәтердегі қыз онда өз еркімен келгенін айтты да, біз болсақ құқық қорғау органдарының алдында ақымақ болып қалдық, - дейді ол.

Қазір әйел ұлы, анасымен бірге жаңа үй іздеп жатыр.

"Себебі мұндағы айқай-шужан шаршадық. Пәтерді сатуымыздың себебін үйді сатып алушыларға не деп түсіндіреміз. Өтірік айтқан ұят, алайда шындықты айтсақ пәтерді ешкім сатып алмауы да мүмкін. Әрине, мен, анам, ұлым туыс өскен пәтерді де қимайды екенсің"...- дейді әйел. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір