• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:05:12
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2018 NEWS

11 жастағы балалар қабірді ойрандаған

ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 314 бабы 2 бөлімі «Қайтыс болғандардың денесі мен жерленген жерлерді қорлау» бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қостанай облыстық ІІД мәліметіне сәйкес, Ашутасты ауылындағы молада қабір үстіндегі құлпытас талқандалып, ағаш крест құлатылған, деп хабарлайды alau.kz.

Арқалық тұрғындары туыстарының қабіріне келгенде осындай көріністі көрген. Осы жағдайдан кейін Арқалық қаласының ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 314 бабы 2 бөлімі «Қайтыс болғандардың денесі мен жерленген жерлерді қорлау» бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

«Шұғыл-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында мұның барлығын Арқалықтағы орта мектепте оқитын 11 жастағы екі  оқушының жасағаны анықталды. Шығын өтеледі. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр» деді ІІД өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір