• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:55:57
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2018 NEWS

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, оңтүстік шығыста бұршақ болуы ықтимал.

Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, көбіне жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, оңтүстік шығыста бұршақ болуы ықтимал.

       Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады, бұршақ болуы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Алматы облысында жел 15-20 м/с күшейеді.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, шаңды  дауыл болады. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/скүшейеді. Қостанай облысында желдін екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір