• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:00:21
Алматы
+35°

05 Маусым, 2012 Саясат

Барак Обама кім еді?

АҚШ-дың қазіргі Президенті Барак Обаманың биографиясын жазушы Джоан Ф. Прайстың жазуынша ол Африкадан келген студенттің тастанды баласы еді. Енді міне,...

АҚШ-дың қазіргі Президенті Барак Обаманың биографиясын жазушы Джоан Ф. Прайстың жазуынша ол Африкадан келген студенттің тастанды баласы еді. Енді міне, әлемдегі ең алпауыт елдің тізігінін ұстап отыр. Обама бұл күнге қалай жетті? Ол үшін жазушы Джоан Ф. Прайстың жазғандарына назар аударып көрелік.

         1936 жылы Барак Обаманың әкесі үлкен Барак Обама Кениядағы бір шаруаның отбасында дүниеге келеді. 1959 жылы ол Гавай университетіне келіп оқуға түседі. Дәл осы жылы 18 жастағы Анн Дунхам – Барак Обаманың шешесі де келіп осы университетке қабылданған. Тіл табысқан екеуі көп ұзамай үйленеді. Содан 1961 жылы қазіргі АҚШ Президенті Барак Обама дүниеге келді. 1963 жылы әкесі Гарвард университетінің грантын жеңіп алып, Анн мен Барак Обаманы Гавайға тастап кетеді әрі сол кеткеннен Африкаға төте жол тартады. Кейбір дерек көздеріне негізделгенде үлкен Барак Обама өте талантты адам болғанымен араққа қатты салынған. 1971 жылы Гавайға қайта оралған үлкен Барак Обама баласын көріп қайтуға келеді. Бұл кезде болашақ Президент 10 жаста еді, туған әкесі мен бар-жоғы бір ай ғана бірге болады. 1967 жылы Анн Дунхам Индонезиялық студент Лоло Соеторо мен отбасын құрады. Әрі сол жылы жаңа отбасы Индонезияның Жакарта қаласына қоныс аударады. 1971 жылы Барак Обама Гавайға қайта оралып нағашы ата-әжесімен бірге тұрады. 1979 жылы ол Лос Анжелес Батыс Колледжіне оқуға түседі. Екінші курс оқып жүргенде алғаш рет топ алдына шығып сөз сөйлейді. 1981 жылы ол Нью Иорк қаласындағы Коломбия университетіне ауысады. 1983 жылы университетті аяқтаған жас маман түрлі қоғамдық қызметтерде болады: косалтинг компаниясының көмекші қызметкері; Чикагода әлеуметтік ұйымдастырушы. 1988 жылы Гарвардтың заң мектебіне қабылданған Обама сабаққа кірісуден бұрын әкесінің туған елі Кенияға жол тартады. Ол онда өзінің түп-төркінімен тереңірек танысып қайтады. Заң мектебіндегі екінші жылында ол 104 жылдық тарихы бар Гарвард Заң Шолуы журналының президенті болып тағайындалады. Ол бұл журналдың бірінші афро-американдық президенті еді. 1991 жылы оқуын тамамдаған Обама Чикагоға қайтып барып азаматтық құқық заңдары мәселесімен шұғылданады. 1995 жылы ол өзінің «Әкемнен бастау алған арман» атты  бірінші кітабын шығарады. Келесі жылы ол Иллинойс штатының сенатына Демократтар атынан сайланады. 2004 жылы Обама Америка тарихындағы бесінші қара нәсілді сенатор болып сайланады.

2006 жылы ол өзінің АҚШ Президенті сайлауына қатысу ойын білдіреді. Осы жылдың 23 қараша айында Тайм журналы «Неге Барак Обама келесі президент болуы мүмкін?» деген тақырыппен оның суретін мұқабаға басты. 2008 жылғы Президент сайлауында Барак Обама Хиллери Клинтон және Джон Эдвардсты басып озып, Америка құрама штатының 44-ші президенті болып сайланады.

Алпаут ел – Америка, өзнің экономикасымен, әскери қуатымен, озық мәдениетімен ғана ұлы емес, ол өзінің адам құқығын қорғай білетін, әр азаматқа өз арманын іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін гуманитарлық заңдарымен, қоғамдық тең құқықтылығымен де ұлы. Барак Обама «менің жеңісім басқа кез келген елде мүмкін емес еді» дейді. Асыра айтсада, оның шындықтан ауылы тым алыс емес. Кез келген мемлекет өз азаматына тең құқықты орта жаратып бере алмаса, онда ол мемлекет өз халықына ұятты.

Аударып, әзірлеген Бибол Әліпбай 

"Қамшы"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір