• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:46:32
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 Әлеумет

100 жылдан кейінгі әлем. Немерелеріміз келешекте қалай өмір сүреді?

Біздің балаларымыз бен немерелеріміз келешекте қалай өмір сүретінін америкалық профессор Мичио Каку болжап берді.

Біздің балаларымыз бен немерелеріміз келешекте қалай өмір сүретінін америкалық профессор Мичио Каку болжап берді.

Сонымен, Каку былай дейді: 2030 жылдарға қарай жанаспалы линзалардың жаңа түрі пайда болады,олар ғаламторға шыға алатын мүмкіндікке ие болады. Мұндай құрылғы прототипін Вашингтон университетінің профессоры Бабак Парвиз жасап жатыр. Сондай-ақ еркін саудаға адам ағзасының әр түрлі "қосалқы бөлшектері" шығады. Бүгінгі таңда ең заманауи биотехнологиялар зертханалық жағдайда сіңірлер, мұрын шеміршектерін, құлақ, қан тамырларын, жүрек қақпақшаларын, қуықты өсіріп шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Губка тәрізді пластик негізге емделушінің ДНК тірек жасушасы “егіледі”, былайша айтқанда, себіледі. Бұл жасушаларға катализатор қосылғанда олар жылдам өсіп, көбейе бастайды, осылайша басында тірі тін талшықтары пайда болады да, сосын нағыз мүшелер пайда болады.

20 жылдан кейін қоғам телепатия мүмкіндігін кеңінен қолданады деген болжам бар. Қазірдің өзінде ғалымдар сал болып қалған науқастар миына арнайы микросхемалар енгізе алады, оның көмегімен науқастар ақыл ой күшімен компьютер құлағында ойнап, электронды хат жазып, веб- браузерлерді пайдалана алады екен. Жапондық Хонда компаниясы науқастар ой көмегімен басқара алатын роботтар жасауды меңгерген.

2070 жылға қарай ғалымдар фаунаның көптеген өкілдеріне қайтадан өмір сыйламақ. Жануар өлгеннен кейін 25 жылдан соң алынған ДНҚ бойынша ғалымдар дәл осы жануарды Бразилияда клондай алған. Неандерталь адамының геномы қазір толық зерттеліп болды. Ғылыми ортада бұл адамды тірілту мүмкін екені жиі айтылып жүр. Зерттеушілерге мұның не керегі бар екені белгісіз, бірақ адамның қызығушылығы шынымен де шексіз болады екен.

Қартаюды тоқтататын тәжірибелер де жасалып жатыр. Өмірді 30% - ға ұзарту үшін калория мөлшерін 30%-ға азайту жеткілікті екен. Болашақта өмірді бұдан басқа да технологиялық тәсілдермен ұзарту мүмкіндігі пайда болады....

Шамамен 100 жылдан кейін адамзат қатерлі ісікті толықтай жеңеді деп күтілуде. Ерте сатысында анықталса, ағзаға "тазалаушы" атты нано-компьютерлер енгізіледі, ол ағзаны обыр жасушаларынан тазартатын болады.

Аударған: Тоғжан Қаһарбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір