• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:59:00
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

100 жыл өмір сүрудің құпиясы

Бір ғасыр өмір сүрудің құпиясы ашылды. АҚШ-та тұратын ресейлік кәсіпкер жүз жасаудың сырын анықтапты.

Бір ғасыр өмір сүрудің құпиясы ашылды. АҚШ-та тұратын ресейлік кәсіпкер жүз жасаудың сырын анықтапты, деп Qamshy.kz ақапарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Сергей Фагенің биохакинг деген мақаласы ғаламторда қызу талқыланып жатыр.

Биохакинг сөзіне анықтама беріп көрсек, бұл адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны басқаша қабылдауға үйрететін жаңаша ұғым екен. Яғни, диваннан түспейтіндер спортпен шұғылданса, тоя тамақ жейтіндер ашығып, ағзасын тазартуда қолға алса, 120 жыл өмір сүруі мүмкін.

Биохакинг дегеніміз – кез келген тәсілді қолдану арқылы адам өмірін жақсарту жән сол арқылы оның ұзақ жасауына жол ашу. Спортпен шұғылданып, ас мәзіріне үлкен мән беретіндерді де биохакинг қолданушылары десек болады. Осыны бүге-шүгесіне дейін зерттеп жазған ресейлік кәсіпкердің мақаласы бүгінде көпшіліктің назарын аударып отыр. Себебі, ол биохакинг арқылы жүз жылдан астам өмір сүруге болатын көрінеді. Және өзі сол арқылы ағзадағы майды азайтып, оттегінің мөлшерін өсіріпті.

«Биохакингпен айналысқаныма 4-5 жыл болды. Мыңдаған тест тапсырып, жүздеген препаратты қолдандым. Дәрігерлермен кеңесіп көптеген тәсілді көре отырып бір шешімге келдім. Осының барлығын зерттеуге шамамен 200 мың доллар жұмсадым», - дейді кәсіпкер Сергей Фаге.

Мақалада кәсіпкердің қыруар қаржы шаштым дегені адам биохакингті бастау үшін түрлі дәрігерлерге барып, ағзаны тексертуі керек екен. Яғни, сіздің қандай асты қанша мөлшерде ішетініңізді және қанша күш шығындап жаттығу жасайтыныңызды мамандар ғана сынақ арқылы анықтап береді. Сондай-ақ ұйықтау режимін қалыпқа келтіріп, аптасына бір-екі рет ашығу да биохакингтің бір бөлшегі. Бірақ Сергей Фагенің бұл бастамасы біз үшін таңсық емес. Алматыдағы фитнес залдарда осындай генетикалық тест біраздан бері жасалады.

«Генетикалық тест дегеніміз адамның мүмкіндігін анықтап береді. Ол үшін біз сілекейден сынақ аламыз. Оның нәтижесіне қарап қандай спортпен шұғылдануға болады, қандай мөлшерде бұлшық етке салмақ салу керек екенін айтып береміз. Ал биохакинг дегенді бірінші рет естіп отырмын», - дейді фитнес-менеджер Георгий Егазарян.

Ал сексеннің сеңгіріне шыққан кей әжелер биохакинг дегенді мүлдем естімеген. Бірақ ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек екенін жақсы біледі. Аптасына екі рет дене шынықтырумен айналысады. Бәрі тегін. Өздері жаттықтырушыны сайлап алыпты. Қимылдары ширақ қариялардың ең жасы жетпістен асып кетсе алды тоқсанға таяп қалған.

«Біздің қатарымыз шойқаңдап, ақсап жүреді ғой. Өйткені тізесі қимылдамайды. Сосын остеохондроз шығады, біздің омыртқалар жақсы қимылдамайды. Соның бәрін осы жерде түзетеміз», - деп түсіндірді зейнеткер Райгүл Сабанишева.

Сұрау салынған адамдардың барлығы биохакингті соңғы кезде қаптап кеткен заты бір болған мен аты өзге жаңа термин деп қана қабылдайтынын жасырмады. Ал ресейлік кәсіпкердің көздегені тек пайда табу дейді.

Расында да дене шынықтыру мен дұрыс тамақтанудан өзге биохакингтің тағы бір міндетті әдісі – көптеген препаратты қолдану. Био сөзіне жалғанған хакинг, яғни хакер сынды адам миындағы бағдарламаны қайта жазып шығу. Осылайша өз өмірін жақсы жаққа өзгерту арқылы ұзақ жасайсың деген ресейлік кәсіпкердің дақпырты ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір