• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:54:47
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Әлеумет

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады

Қазақстанда атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты 10 қаңтарды республиканың басым бөлігінде қар жауады, желмен бірге бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, тек қиыр оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады.

 Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.  

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

 Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында  жел 15-20 м/с күшейеді.  Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір