• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:09:46
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Экономика

10 компания 300 млрд теңгеден асатын жол картасы мен меморандумға қол қойды

Елбасы еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

XI Астана экономикалық форумы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар тарихи құжаттарға қол қойды. Ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қаржы ресурстарын ғана емес, қазіргі заманғы технологиялар трансфертімен де қамтамасыз етуге дайын.

Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешені экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады және оның жылдық өсім қарқыны 104,5% құрап отыр. Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуеті мен агроөнеркәсіп кешені қорлары еліміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін негіз болып табылады.

Елбасы еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Ірі трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық тікелей инвестициялардың жеткілікті мөлшерін ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың өздері есебінен дайындалған өнімдерді одан әрі экспорттауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған міндеттер шеңберінде Астана экономикалық форумы аясында ірі трансұлттық компаниялармен, соның ішінде «Crемоnini» («Inalca Eurasia Holding»), Италия, «M.A.D. Developing Agricultural Projects», Израиль, «Cedar Meаts», Австралия, AGCO, США «Golden Camel GROUP LTD», Қытай, «Hyundai Corporation», Оңтүстік Корея, «Dunbia», Ұлыбритания компанияларымен жалпы көлемі 300 млрд. теңгені құрайтын меморандум және жол карталарына қол қойылды.

Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады.

Жобаларға қол қойылғаннан кейін инвесторлармен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараны ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ірі шетелдік инвесторларды Қазақстанға тарту, өнеркәсіптің экономикалық және технологиялық әлеуетін одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі басым факторы болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір