• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:08:44
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 NEWS

10-12 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады

Синоптиктер 10-112 сәуір аралығында ауа райының қандай болатынын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ алып келеді. 10 сәуірде батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды", - дейді Қазгидромет РМК өкілдері.

Синоптиктердің айтуынша, Оңтүстік облыстарда дауылдық ескерту жарияланған. 10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Айта кетсек, алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір