• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:23:32
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2012 NEWS

Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің нағыз жаңа жылымыз осы Наурыз мейрамы болуы қажет»

Бүгінде қазақ елі Наурыз мейрамы секілді, жаңарып, түрленіп келеді. Бүкіл ғаламда күн мен түн теңелсе, ал Қазақстан болашаққа жаңа қадаммен, сенімді аттанып...

Бүгінде қазақ елі Наурыз мейрамы секілді, жаңарып, түрленіп келеді. Бүкіл ғаламда күн мен түн теңелсе, ал Қазақстан болашаққа жаңа қадаммен, сенімді аттанып барады. Егер біз шыныменен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргіміз келсе және олардың біршамасынан озғымыз келсе онда біз өзара ауызбірлікті сақтап қана қоймай, осы мақсатқа жету үшін бір атаның баласындай жұмыс істеуіміз керек. *** Тарихы тереңде жатқан Наурыз мерекесі қазақ жерінде әрқашан тойланған, алайда, бір замандарда халқымыз оны жоғалтып алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін төл мерекемізді біз қайтадан жаңғырттық. Бұл мереке әруақытта халқымызда іргесі сөгілмеген бірліктің, еңселі ерліктің, ырыс пен бақ-берекенің мерекесі болып саналатын. Қыстан, қиыннан шыққан халқымыз бір-бірімен қауышып, төс түйістіріп, ағайынның аманшылығын біліп, өткенге салауат айтып, келешектен бақыт тілеп, Наурыз көже ішетін болған. Бұл күні ұрысқан ағайын табысатын, ренжісіп қалған жастар қайтадан табысып, махаббаттарын арттырып, бас қосатын, барлық жаманшылық ұмытылатын, жақсылыққа қарай бет бұратын кез болған. Түбінде біздің нағыз жаңа жылымыз осы Наурыз мейрамы болуы қажет. Қытай өзінің жаңа жылын ақпанның ортасында бір апта тойлайды. Шығыстың барлық халқының өз жаңа жылдары бар. Біз де түбінде өз мерекемізге келуіміз керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір