• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:29:16
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2018 Дәстүр

1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін қазақстандықтар үшінші рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

Бүгін қазақстандықтар үшінші рет Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Сонда Алғыс айту күнінің маңызын Елбасы былай түсіндірген:

«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Бұған қоса мерекенің Қазақстан қоғамындағы сенім мен достықты нығайта түсетініне сенім білдірген.

Алғыс айту күні бар болғаны үшінші мәрте аталып өтіп жатса да, ел үшін айтулы ізгі дәстүрге айналып келеді. Осы орайда, бүгін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен «Алғыс айту күніне» орай Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты шарасы өтеді. Ал дәл бүгін айтулы датаған орай, Алматы шаһарындағы Ұлттық кітапхана ашық есік күндерін бастап, Достық үйінде «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені» атты шара арқылы концерттік бағдарламамен бірге қолөнер туындыларының көрмесі мен Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің ұлттық аспаздық өнерінің көрмесін ұйымдастырмақ.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір